Күйеуінен қорлық көрген үш балалы әйелдің жанайқайы

Oinet.kz 18-08-2020 1445

Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығына түскен үш балалы келіншектің басынан кешкен қиындықтары көпшілікті бей-жай қалдырмады. Жоғары білімді әрі өзінің жүрек қалауымен тұрмысқа шыққан Айманның (аты өзгертілді) өмірі дәл бұлай күл-талқан болады деп ешкім ойлаған емес. Келіншек өз отбасын құтқаруға қанша тырысса да, күйеуінің қорлығына өмір бойы шыдау мүмкін болмағанын айтады. image.png

Айман ауылдан қалаға білім қуып келген талапты жастардың бірі болды. Қалаған мамандығында білім алып, қолына дипломын да алып үлгерді. Уақыт өте келе өзінің өмірлік жарын жолықтырады. Алғашында екеуі үш жыл азаматтық некеде тұрып, кейін заңды түрде ерлі-зайыпты атанады. Бастапқы жылдары өзінің шынайы мінезін көрсетпеген күйеуі жұмысындағы сәтсіздіктен соң отбасында әңгіртаяқ ойнататынды шығарады. 

"Қызметтегі қиындық салдарынан жүйкесі тозған шығар деп ойладым. Мұндай "қойылымдары" уақытша, кейін бәрі бастапқы қалпына оралады деген сенімде болдым. Бірақ күн өткен сайын, күйеуім үйдегі айғайды үдете түсті. Мені аяусыз ұрып-соғып, балаларға да қол көтеретінді шығарды. Балаларым әкесінен қорыққаннан сөйлей алмай қалатын. Әйел адам болғандықтан, екі баламның болашағына алаңдағандықтан, жанұямды сақтауға барынша тырысып бақтым. Алайда, күйеуімнің тоқпағы таусылмады", - дейді ол. 

Отбасындағы жанжал бәсеңсіген жоқ. Ал Айман үшінші баласына жүкті болатын. Кезекті айқай-шу кезінде күйеуі Айманды соққының астына алып, құрсақтағы сәбиге нұқсан келеді. Осылайша, іштегі бала соққы салдарынан церебралды сал ауруымен дүниеге келді. 

"Жанұяны аман алып қалам деп, қанша тырысқаныммен, күйеуім түзелмеді. Оның жуан жұдырығынан кіші қызым сал ауруына шалдықты. Егер дер кезінде бәріне көз жеткізіп, күйеуімнен кетіп қалғанда, сәбиім аман-сау туылар ма еді? Ол да басқалар сияқты дені сау, он екі мүшесі түгел адам ретінде өмір сүрер ме еді? Бүгінде өкініш өзегімді өртейді", - дейді ол. 

Бүгінде Айман үш баласымен бірге Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығын уақытша паналауда. 

Дереккөз: nur.kz 

​14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған жігіт ащы шындықты айтты
«Баланың өзінен екеніне күмәнданған»: Өскеменде ер адам жүкті әйелінің ішінен пышақпен ұрған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу