Ақтөбелік әйел: Күйеуім белбеумен ұрып, көкірегімнен тепті

Oinet.kz 17-08-2020 2263

Атын атағысы келмеген Ақтөбелік әйел редакциямызбен ауыр тағдырымен бөлісті. 

Depositphotos_67732825_m-2015.jpg

Өмір болған соң әртүрлі тағдырлар бар. Ешкім бақыт пен байлыққа кенеліп өмір сүріп жатқан жоқ. Әркімнің өзіне сай қиыншылығы жетіп жатыр. Менің де өз тағдырымның сынағы бітер емес. Түсінікті болу үшін басынан айтып берейін. 

Біз Ермек екеуміз студенттік шақта таныстық. Бір-бірімізді риясыз жақсы көріп, ыстық махаббаттын буымен шаңырақ көтердік. Бастапқыда бәрі керемет еді. Ата-енем дүркіретіп той жасап берді. Бірақ барша қиыншылық осы тойдан соң басталды. 

Жалпы, енем жақсы адам. Бірақ ол кісі бастапқыда мені келін етіп қабылдауға қарсы болған екен. Күйеуім айтқанынан қайтпай, өз дегенінін істетіп, маған үйленген. Сондықтан да енем мені жақтырмайды. Әр ісімнен кемшілік тауып, мені мұқатып отырады. Ал соңғы уақытта енем күйеуім екеуміздің ортамызға от салып, жанжалдастыратын болды. Енемнің сөздерінен кейін күйеуім маған ұрсып, қол көтереді. Бұл маған ауыр соққы болды. Бір рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр осымен. Ал енем түк болмағандай, мені кінәлап отыра береді. 

Қазір тұңғышыма аяғым ауыр. Алғашқы жүктілігім болған соң зорға шыдап жүрмін. Кеше кешке күйеуім ішіп келіп, оның үстіне енем мені тағы жамандады. Өзі ішіп, ашуланып тұрған күйеуім бөлмеге кіріп мені көк ала қойдай аяусыз сабады. Белбеумен арқамнан ұрып, көкірегімнен аяусыз тепті. Мен ішімді құшақтаған күйі екі бүктеліп, жылап қалдым. 

Енем қатты қорқып кетті ғой деймін, бөлмеге келіп баласын тоқтатып, алып кетті. Маған жаны ашыды немесе мені өлтіріп қойса, баласы түрмеге түсетінін біліп, алы кетті ма деймін. 

Төркініме барып әке-шешеміді ұятқа қалдырғым келмейді. Амалсыз осында қалып отырмын. Енем де күйеуім де өзгерер деген ойдамын. 

Салақ келінімнен шаршадым
Уолт Диснейдің шынайы бейнесі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу