Серікбол Сайлаубек әншілер қалт-құлт етіп әрең жүргенін, жәрдемақымен күн көретінін айтты(Суретті)

Oinet.kz 28-03-2019 2092

Screenshot_1.jpg

Серікбол Сайлаубек эстрада жұлдыздарына мемлекеттен қолдау көрсетілсе деген тілегін айтты. Әнші өзге әріптестерінің қалт-құлт етіп зорға жүргенін айтты деп жазады "Евразия" арнасының "Басты бағдарламасы".

Бағдарлама барысында әнші өзінің 16 жасынан бастап мүгедектігі үшін зейнетақы алатынын, төрт баласы барын жайып салды.

"Ондай салықты қою үшін алдымен әншілердің жағдайына қарау керек. Егер жағдайлары дұрыс болса, біз салық төлеуден қашып тұрған жоқпыз.

Көбісі ойлайды "Ой әншілердің өмірі - өмір" деп. Бірақ олардың қандай өмірде жүргенін біледі ме? Ақшаны табасың. Сосын әніңді жазасың, киімің бар, бейнебаяның бар. Бейнебаянды жарыққа шығару бар.

Республика сарайына концерт қою үшін 4 млн керек. Ал ол 4 млн теңгені табу үшін бүкіл Қазақстанды тентірейсің", - деді Серікбол Сайлаубек бағдарлама жүргізушісінің сұрағына жауап бергенде.

Сондай-ақ, Мақсат Толықбай (ред: бағдарлама жүргізушісі): "Сен өзің салық төлейсің бе? "Шоу-бизнес өкілдеріне заңды барынша қатайтамыз" дейді. Енді сені тойға көп шақыртатынын, гонорарыңның көп екенін білеміз. Оның бәрін ақылау мүмкін бе?", - деп сұрақ қойған.

Ал әнші мұның барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес екендігін айтты.

"Мен төлемеймін. Қазір бала-шағама жағдай жасаумен әлекпін. Мен зейнеттегі адаммын. Бір көзім көрмейді. Екіншісі нашар көреді. Үкіметтен зейнетақы аламын.

Енді мен ойлаймын, бір жағынан зейнетақы беріп, екінші жағынан салық алмайтын шығар?!

Біз тойда ақшаға барғаннан гөрі, тегін кіріп жүреміз. Дос-жараның бар. Менің төрт балам бар. Әлі күнге пәтерде тұрамын. Табыс көзі - той-томалақ. Қазір ақша табасың пәтерақы, бала-шаға, жүріс-тұрысың бар.

Әншілерге "салық саламыз" деп бас қатырғанша, ол уақытты басқа мәселені шешуге арнасын. Не қылады?! Біз өзіміз әзер қалт-құлт етіп жүрміз, бір-біріміздің жыртығымызға жамау болып", - дейді Серікбол Сайлаубек.

Пері қыздарға ессіз ғашық болған қария адам сенгісіз оқиғасымен бөлісті
Ерболат Құдайбергеновтың өкпесі орынды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу