Бақтияр Артаев әкім атанды

Oinet.kz 26-11-2009 1034

Screenshot_7.jpg

Афины олимпиадасының чемпионы, Қазақстан бокс құрамасының белді спортшысы Бақтияр Артаевтың шенеуніктің шекпенін кигеніне біраз уақыт өтті. Ол биыл Тараздың іргесіндегі Айша Бибі ауылдық окурігінің әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Бірақ мемлекеттік қызметте жүргенімен Бақтияр үлкен спорттан қол үзген жоқ. Екі саланы қатар алып жүрген спортшы-әкім бокста біршама сәтсіздіктерді бастан кешіргенімен, мемлекетте қызметте жоғарылап барады. Осы аптада ол Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембиннің өкімімен облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

--Қазақ халқының мақтанышына айналған спортшының өңірдегі спортты дамытуға атсалысатынына сенемін. Бақтияр—кәнігі, кәсіби спортшы. Ол спортты дамытып қана қоймай, бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттауға да көп еңбек сіңіреді деп білемін,--деді Б.Жексембин жаңа басшының ұжыммен таныстыру сәтінде. Бір айта кетері, 26 жастағы Бахтияр облыстағы ең жас басшы ретінде де танылып отыр.

Өз сөзінде ол облыс әкіміне:

--Сіздің сеніміңізге рахмет! Алдағы келе жатқан Азия ойындары мен Лондон олимпиадасында еліміздің саңлақ спортшыларының қатарында жамбылдық спортшылар да үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деп сеніңіз,--деді.

Жалпы, Бақтиярдың мемлекеттік қызметтегі карьерасы ауыл әкімімен шектеліп қалмайтынын о бастан-ақ белгілі болған. Басшылар оны әуелі мини-әкімдіктен тәжірибе жинасын деген  ұйғарымға келсе керек. Екіншіден, Б.Жексембиннің салаутты өмір салты жайлы сөз қозғауы  да тегін емес. Жуырда Елбасымен өткен тікелей байланыста тараздық жеткіншіктер арасында қылмыстың өршіп тұрғаны айтылып, Елбасы жастардың бос уақытына көңіл бөлуді, оларды салауатты өмір салтына баулу үшін спортпен айналысуы керек дегенді қадап айтқан болатын. Олимпиада чемпионының бұл іске таптырмас тұлға боларына ешкім күмәнданбаса керек.

Ал, жамбылдың спортына бұған дейін басшылық жасаған А.Савченко облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болып ауысты.

А.Мырзахметов ел аралап қайтты
Әлия Юсупова тұрмысқа шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу