Көрші Ресей мен Өзбекстаннан қалып қойдық

Oinet.kz 10-08-2019 2123

Screenshot_13.jpg

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген мақалды алғаш болып баласының аңсары білімге емес ойынға ауып тұратын бабаларымыздың бірі айтқан шығар. Әйтпесе, бүгінде асық ойнаған да, доп тепкен де азып-тозбай-ақ озып тұр. Доппен «достасқан» футболшылар мен күрек ұстаған диқанның тұрмысын салыстырып көріңіз. Әрине, бәрі доп пен күрекке емес, төккен терге байланысты. Тер төгу жағынан қазақстандық футболшылар жалқаулық танытуда-ау, алдыңғы қатардан көріну былай тұрсын, әрең дегенде жүздікке ілініп отыр.

Шілде айындағы жағдай бойынша  ұлттық құрамалардың рейтингін жариялаған FIFA-ның дерегінше, Қазақстан 15 саты жоғары көтеріліп 97-ші орынды иеленіпті. Бұл рейтингте Аргентина көш бастаса, Бельгия мен Колумбия үздік үштікте. Қазіргі әлем чемпионы – Германия 4-ші, ал күні кеше Еуропа чемпионы атанған Португалия 6-шы орында. Бұл екеуінің ортасында, яғни бесінші болып Чили құрамасы тұр. Франция, Испания, Бразилия, Италия құрамалары сәйкесінше 7-10 орынды иеленіпті.

Бізге таныстау дейтін Украина футболшылары рейтинг бойынша -30, кеше ғана таратылған Ресей құрамасы -38, тағы бір көршіміз Өзбекстан -56, Белорусь елінің футболшылары -72-ші орында. Ондықтың ауылы арман, елулікке ену де алыстау болып тұрған Қазақстан футболшыларының Қырғызстан (104), Грузия (118), Түркменстан (120), Әзірбайжан (137) секілді елдерден жоғары тұрғаны да көңілге демеу.

Мұрағаттан, 2016 ж

Өсек қайдан шығады?
Армандар орындалады: Кумирін жеңген фанат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу