Футболдағы трагикомедиялар

soccer.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды. 

Футболсүйер көрермен үшін гол-кішігірім ғажайып. Онда, өз қақпаңа гол салып алу қандай мәнге ие? Біреулер үшін трагедия, біреулер үшін комедияға айналған автоголдарды сүзгіден өткізіп көрелік.

АПЛ-де алғашқы автогол алғашқы турдың өзінде салынған. Англия чемпионаты 1888 жылдың 8 қыркүйегінде 12 командамен бастау алады. Өткізілген 5 матчтың екеуі ірі есеппен аяқталады. Престон фоварит команда саналғандықтан, Бернлиді 5:2 есебімен жеңуі қалыпты абылданды. Болтон алаңында қонақ болған Дерби 3:6 есебімен жеңіске жетті. Ал, тарихи сәт Астон Вилла және Вулверхэмптон арасындағы кездесуде орын алды. Ойынның жиырмасыншы минутында АПЛ тарихындағы алғашқы автогол Астон Вилла қорғаушысы Герсэм Кокс тарапынан соғылды. Сол кезден бастап өз қақпасына гол соғу  «сенсация» болмай қалды. Десек те, Өз қақпасымен қоса қарсылас қақпаның сырын қатар танитын футболшылар сирек болса да кездесіп жатады. Назарларыңызға бір уақытта екі қақпаны тас-талқан еткен футолшылар тізімін ұсынамыз.

1976 жылдың 25 қыркүйегі Екінші дивизондағы Шеффилд Юнайтедтің футболшысы  Колин Фрэнкс Блэкбернмен ойына екі гол соқты. Яғни дубль иегері болды. Ал, есеп 1:1 (трагикомедия).

Қос қақпаға да дубль жасаған ойыншылар да бар. Сэмюэл Уайн Бір ойында төрт гол салғандығы тарихта қалған. Оқиғаға оралайық. Олдхэм мен Манчестер Юнайтед 1923 жылы 6 қазанда кездесу өткізеді. Уайн өз қақпасына жасаған дубльінен соң Пенальтиден және айып добынан қарсылас қақпасына қос гол тоғытады. Бірақ МЮ қосымша бір гол салуға қол жеткізіп, есеп 3:2 есебімен Манчестер Юнайтедтің пайдасына шешіледі.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзін Боратқа теңеп мазақ қылған канадалық боксшыны нокаутпен жеңді
  • Жазира Жаппарқұл, Олимпиаданың күміс жүлдегері: «Әкем болмағанда мұндай жетістікке жетпес едім»
  • Футболдағы трагикомедиялар
  • Армандар орындалады: Кумирін жеңген фанат
  • Көрші Ресей мен Өзбекстаннан қалып қойдық