Ақылы жолдар есебінен бюджетке қанша қаржы түсетіні белгілі болды

Oinet.kz 22-10-2019 927

Картинки по запросу ақша

Үкімет отырысында "Нұрлы жол" бағдарламасының іске асу барысын талқылау кезінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ақылы жолдар есебінен бюджетке жыл сайын 4 млрд теңге түсетінін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

"2013 жылы ұзындығы 211 км болатын алғашқы Нұр-Сұлтан-Щучье ақылы жолы іске қосылды, одан жыл сайын 1 млрд теңгеден астам қаражат жиналады. Бұл оны күтіп ұстау шығындарын жабады. Қазіргі уақытта ақылы жолдардың ұзындығы 682 км (Нұр-Сұлтан - Щучинск (211 км), Нұр-Сұлтан - Теміртау (134 км), Алматы - Қапшағай (42 км), Алматы - Қорғас (295 км) дейін ұлғайтылды және жылдық төлемдері 4 млрд теңгеден асады. Бұл осы жолдарды ұстауға бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді министр Үкімет отырысында. 

 Тұңғыш президент – Елбасының "Үйге дейінгі жол" тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті жолдарға жөндеу жүргізу үшін қаржыландыруды бірнеше есеге артқан. Мәселен, биылғы қаржыландыру көлемі 200 млрд теңгеден асқан. Нәтижесінде, 4,6 мың шақырым жол жөндеуден өтті. Қазір жолдардың қанағаттандырарлық деңгейі 71%-ға жеткен. 

Сондай-ақ, ведомство басшысы елімізде республикалық маңызы бар 3 мың шақырым автожол салынғанын айтты. 3,8 мың шақырымды аяқтау 2020 және 2021 жылдар аралығында көзделген. Бағдарлама аясында өткен кезеңде республикалық желі бойынша барлық жұмыс түрлермен 10 мың шақырым жөнделді.

"Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында халықаралық дәліздерді дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылға дейін 8 357 шақырымнан 4 828 шақырым жаңғыртылды, бұл негізінен "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" дәлізі. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 1 882 шақырым жұмыс аяқталды және 1 647 шақырым құрылыс жұмыстары басталды, олар 2021 жылы аяқталады", - деді Атамқұлов.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуда
Еуропа қазақтарының бизнес-форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу