Еуропа қазақтарының бизнес-форумы өтті

Oinet.kz 22-10-2019 1004

Стокгольмде Еуропа қазақтарының бизнес-форумы өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген «Отандастар Қоры» КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Солтүстік Еуропада тұратын қазақтармен байланысты Стокгольмде 21 қазан күні Швеция, Дания, Норвегия және Финляндияда тұратын отандастардың бизнес-форумы болды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған қазақ диаспораларының лидерлері, белсенділері, Қазақстанның Швециядағы елшісі Қайрат Әбдірахманов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Арғын Оспанов, «Отандастар Қорының» жауапты қызметкерлері, Швецияның Қазақстандағы тұңғыш елшісі Манне Венгборг, Қазақстанның Дания, Финляндия және Швециядағы құрметті консулдары, Солтүстік Еуропа елдеріндегі компанияларда жұмыс істейтін қазақтар, Түркістан, Қарағанды облыстарының жүн өңдеу, ауыл шаруашылы, агротуризм сияқты салалардағы бизнесмендері қатысты.

Ақылы жолдар есебінен бюджетке қанша қаржы түсетіні белгілі болды
Қатбаев қашып жүр ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу