Лионель Месси: «Роналдо – мен көрген үздік шабуылшы»

Oinet.kz 28-10-2019 1023

Похожее изображение

Каталониялық "Барселонаның" ойыншысы Лионель Месси әлемдегі үздік шабуылшыны атады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған tengrinews.kz.

Месси бразилиялық атақты футболшы Роналдоны үздік форвард деп деп санайды.  

"Роналдо нағыз феномен болды. Ол - мен көрген үздік шабуылшы. Ғажап футболшы болатын", - деді Месси. 

Роналдо "Крузейро", голландиялық ПСВ, "Барселона", миландық "Интер", мадридтік "Реал", "Милан" мен "Коринтианс" сапында ойнаған. Бразилия құрамасымен бірге екі рет әлем чемпионы (1994, 2002) атанып, Америка кубогын (1997, 1999) иеленген.  2011 жылы бразилиялық футболшы карьерасын аяқтайтынын хабарлаған. 2018 жылы Роналдо испаниялық "Реал Вальядолид" клубының қожайыны әрі президенті болды. 

Жамбылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 1600-ден аса маман жұмыс істеп жатыр
Елордада 9 адамнан туберкулез ауруының алғашқы белгісі анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу