«Барселона» президенті Месси қай клубқа ауысатынын айтты

Oinet.kz 08-08-2021 643

"Барселона" клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы болатынын ресми түрде растады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Лионель Месси.jpg

- "Алтын доптың" алты дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Францияның "Пари Сен-Жермен" клубының ойыншысы болады, - деп мәлімдеді Испанияның "Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта.

Бейсенбіде "Барселона" Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген болатын, ол еркін агент болды.

- "Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ Месси ПСЖ-ға ауысады", - деп жазды Tuttomercatoweb Лапортаға сілтеме жасап.

"Камп Ноу" стадионында болған баспасөз мәслихатында Лионель Месси көз жасын ұстай алмады.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Азыққа байланысты жағдай ҚР АШМ-ның бақылауында
Қоғамдық көліктер мен базарларға бақылау күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу