Месси спорттағы карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді

Oinet.kz 02-11-2021 767

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси алдағы Әлем чемпионаты туралы айтып, спорттағы карьерасын аяқтауға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Diario Sport сайты.

image.png

Sport басылымына берген сұхбатында Месси карьерасындағы негізгі мәселелер, соның ішінде Аргентина құрамасында жеткен жетістіктер, "Алтын доп" туралы айтып, спорттық карьерасына қатысты қорытынды жасап, зейнетке шыққанға дейін не күтетіні туралы айтты. Алты мәрте "Алтын доп" иесі кәсіби мансабын аяқтай ма деген сұраққа жауап берді.

- "Шынымды айтсам, жоқ. Әлем чемпионатында, одан кейін не болатынын білмеймін. Бұл туралы ойламаймын. Болатын нәрсе болады", - деді Месси.

- "Зор жетістіктерге жеткім келеді. Ұзақ талпынып, Америка Кубогын жеңіп алдық. Біз жеңіске басты үміткерлердің бірі болуымыз керек. Әзірге ол қатарда емеспіз, өйткені мықты командалар бар. Бағытымыз дұрыс, динамика, атмосфера жақсы", - деді тағы да спортшы.

Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Тұрғындар жаңа реформадан көп үміт күтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу