Еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Oinet.kz 22-11-2019 858

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ аяздың беті қайтпайды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Картинки по запросу Еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына

Тек еліміздің солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс өңірлерінің кей жерлерінде қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі. Бұған қоса, көктайғақ болып, жел күшейе түседі.

Түркістан облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, бұрқасындатып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қазір республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн минус 32 градусқа дейін суытты.

Енді оңтүстік аймақтарда де қар жауып, бұрқасындатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы төмендейді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей аумақтарында тұман түседі, жел күші - 15-20 м/с.

Ал Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Шымкентте күн алабұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады, кешке қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз және түнде температура 0-ден +3 градусқа дейін құбылады деп күтілуде.

Алматыда күн бұлтты, таңертең және кешке қар жауады. Күндіз күн ашық. Ауа температурасы минус үштен плюс бір градусқа дейін, ал түнде минус 5-8 градусқа дейін құбылады.

Ал Нұр-Сұлтанда күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Кешке қарай бұлтты ауа райы қалыптасады. Күндіз - 16-20 градус суық, түнде - 24 градус аяз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Норвегияда Елбасының «Эпицентр мира» кітабы таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу