Норвегияда Елбасының «Эпицентр мира» кітабы таныстырылды

Oinet.kz 22-11-2019 1339

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Эпицентр мира» атты кітабы Норвегия астанасы Ослода таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Шараны Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ақынжанов ашып, Семей полигонының жабылғаны, жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту процесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрасы екендігін тілге тиек етті. Тұңғыш Президент күніне арналған шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсенділері, діни қайраткерлер, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. 

2019 жылы Кеңес одағы Семей түбінде алғаш рет атом бомбасын сынақтан өткізгеніне 70 жыл толды. Полигон ҚР Президентінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен жабылды. 

Норвегияның белгілі саясаткері, елдің бұрынғы премьер-министрі Кьель Магне Бондевиктің айтуынша, Қазақстан және Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қару аса ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын жете түсінеді әрі «Эпицентр мира» еңбегінде оның себептері толық ашып көрсетілген.

Қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсенді мүшесі Кәріпбек Күйіков Семей өңірі тұрғындарының тартқан азабы мен полигонның қоршаған ортаға тигізген зардаптары жайлы, Қазақстан халқының сынақтарды тоқтату және Н.Назарбаевтың полигонды жабу туралы шешімі үшін жүргізген күресі туралы әңгімелеп берді. Шара қонақтарын «АТОМ» жобасын (www.theATOMProject.org) қолдап, ядролық қарудан таза әлем құру туралы петицияға қол қоюға шақырды.

 

Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев, бұрынғы Премьер-министр Кьелл Магне Бондевик, Норвегияның Сыртқы істер министрі Инне Эриксен-Сорейде, NUPI бұрынғы директоры Сверре Лодгард кітаптың норвег тіліндегі басылымына қатысты алғы сөз сөйледі.

«Эпицентр мира» кітабын норвег тіліне саясаттанушы, халықаралық қатынастар маманы, кәсіби аудармашы Николай Геров аударды. 

Кітап «Steffen Grafisk Tilrettelegging» баспасынан жарық көрді. Еске сала кетейік, дәл осы баспа 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабын да норвег тілінде шығарған болатын.

Еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Әбдірахымов – Қошқар атаның ұрпағы ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу