Эстрада жұлдыздары қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Oinet.kz 16-12-2019 926

Сәкен Майғазиев бастаған еліміздің эстрада жұлдыздары қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

9addd987-aaf9-4d98-bf22-c3830b2e73b3.jpg

«Ассалаумағалейкум, ардақты отандастар! Тәуелсіздік жолында құрбан болған барша қыршындарымызды, боздақтарымызды Алла Тағала мейіріміне бөлесін. Тәуелсіздігімізді Алла Тағала қияметке дейін жеткізсін. Біз ол қиындықты көрмедік. Мұз жастанған жоқпыз, қар жамылған жоқпыз. Десек те, осы отандастарымызды шын жүрегімізбен, қанмен, термен келген Тәуелсіздігімізбен құттықтаймыз», деп Сәкен Майғазиев видео үндеу жолдады. 

c0e30ddd-c8b5-43fc-b7ab-b8b75265f504.jpg

Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев желтоқсаншы әпке-ағаларымызды видеоға түсіріп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.


Олжас Сүлейменов қазақ халқына үндеу айтты
Токиода өтетін Олимпиада стадионының ресми ашылуы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу