Халық санағы бір жылға шегерілді

Oinet.kz 13-02-2020 1120

Елімізде он жыл сайын өткізілетін Ұлттық халық санағын жүргізу техникалық себептерге байланысты бір жылға шегерілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

27_main.jpg

«Бастапқыда Ұлттық халық санағы 2019 жылы өтуі керек деп жоспарланған, бірақ техникалық мәселелерге байланысты ақпараттық жүйені жасап үлгермедік. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу мәселесін шешуге, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сұрақтарды шешіп үлгермегендіктен, бір жыл кейінге шегердік», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов. 

Еске салсақ, биыл қазан айында Ұлттық халық санағы өтеді, ол екі кезеңнен тұрады. Санақты өткізуге бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, биылғы халық санағында қағаз қолданылмайды.

Тоқаев жаһандық форумға қатысу үшін Германияға барады
888 мың теңге қаржы жымқырған басшы құрықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу