Алмасбек Мамытбеков - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Oinet.kz 24-02-2020 860

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды.  Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Screenshot_1.jpg

Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» жастар орталығының менеджері болып бастаған А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының  бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы - Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

Димаш Құдайберген әлемдік жұлдыздармен жарысып жатыр (фото)
Коронавирус құрбандарының саны 2663-ке жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу