Коронавирус: Италияда бір күнде мыңға жуық адам қайтыс болды

Oinet.kz 28-03-2020 1595

Италияда коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 9134-ке жетті. Бір күнде 969 кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

56bb740ebcdc64bed9cd3f1addc3a7dd.jpg

24 сағат ішінде 5909 адамнан вирус табылып, вирус жұқтырғандар 86 мыңнан асып кетті. Италия қазір қайтыс болғандар бойынша әлемде бірінші, вирус жұқтырғандар бойынша АҚШ-тан (96 мыңнан астам адамнан вирус табылды) кейін екінші болып тұр.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 566 мыңнан асты. 25423 адам қайтыс болды. 127768 адам дертінен айықты.

Коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болғандардың тест нәтижесі шықты
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу