Енді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қандай құжаттарын ауыстыруы керек?

Oinet.kz 24-03-2019 718

2018042817502249950_45654try45.jpg

Әділет министрлігі жаңа атауға ие болған елорда тұрғындарының құжаттарды ауыстыру мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған.

Заңгерлердің айтуынша, азаматтар қала атауының өзгеруіне орай жекеменшікке қатысты және азаматтық жағдай актілерін тіркеу құжаттарын ауыстыруға міндетті емес.

«Құжаттарда елорданың бұрынғы атауының болуы оның жарамсыздығын көрсетпейді" , - деді министрлік өкілдері. Әділет министрлігі өзінің ақпараттық жүйесінде астананың бұрынғы атауын жаңасына автоматтық түрде ауыстыратынын жеткізді. Оған қоса, "Азаматтар үкіметі" мемлекеттік ұйымы мен басқа да құзырлы органдардың жұмысында ешқандай өзгеріс орын алмайды.

Screenshot_2.jpg

Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі жұмыссыз қалды
Кабмин жұмысын жүргізе алмай отставкаға кеткен Сағынтаев туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу