Кәнігі мамандар елорданың атын өзгертуге 125 млн.доллар қажет екенін айтты

Oinet.kz 24-03-2019 2213

Screenshot_1.jpg

Астана атауын өзгертуге қомақты қаржы кетпек. Сарапшылар жаңа құжаттар мен атауы өзгертілген елорда карталарын даярлау үшін 125 млн доллар жұмсалатынын есептеп шығарды деп хабарлайды РИА Новости.

"Альпари" ақпараттық-сарапшылық орталықтың директоры Александр Разуваев шығынның көп бөлігін бюджеттік қаржы жабатыны туралы ойын айтты. 

Оның сөзінше, басты шығындар - ол:

қала тұрғындарының жаңа құжаты үшін 80 млн доллар,

жазу мен белгілерге - 25 млн,

жаңартылған карталар үшін 5 млн.

Сарапшы енді конституция мен басқа да заңдар үшін жаңа редакциялар қажет деп есептейді. Себебі, елорда көп жерде Астана деп аталып келеді. Ол үшін Разуваевтің пікірінше шамамен 15 млн доллар қаржы қажет.

Нәтижесінде, елорданың жаңа атқа ие болуы 125 млн доллар шамасында бағаланбақ.

Screenshot_2.jpg

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жайлы не білеміз?
Жириновский Қазақстанда келесі Президент - орыс ұлтынан болу керектігін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу