Танымал саясаттанушы депутаттардың басты кемшілігін айтты

Oinet.kz 29-07-2020 1394

Біздегі Заң шығарушы органның басты проблемасы бар. "Ахиллес таңбасы" десе де болады. Олар өздерін заң шығарушы юрист ретінде санайды. Жәй ғана юрист, Үкіметтің көмекшісі тәрізді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында саясаттанушы Ерлан Сайыров.

Screenshot_6.jpg

- Шынына келгенде депутаттың басты функциясы халықтың сөзін сөйлеу. Сондықтан оларда "өкілеттілік" функциясы бар, яғни халықтың өкілі. Өздерінің басты міндетін түсінбеген депутаттар халықтан аулақ жүргенді ұнатады. Бәрі ондай емес, арасында бірді-екілі сөйлеуге қабілетті азаматтар бар. Ал басым көпшілігі "адасып жүр ме?" деп ойлайсың. Бұл жағдай Мәжілістен бастап облыстық, қалалық, аудандық депутат корпусына тән. Депутаттың бәрі үнсіз. Өз кезегінде, облыс, аудан Мәслихат депутаттары әкімдердің көмекшісі тәрізді.

Сондықтан депутаттарға деген көңіл суық. Бұл фактор жалпы саяси ахуалға кері әсер етеді. Халықтың сенімі мемлекетке девальвацияланады. Міне, "кері селекцияның" кесірі. Сөз сөйлейтін, ой айтатын, халықтың ішінде қайнайтын қайраткерлер болғанда ғана елімізде саяси тыныштық орнайды. Консенсус саяси шиеленістен туындайды. Пікірлер плюрализмін қалыптастыратын, кереғар ой айтатын, принципті позициясы бар азаматтар көп келгенде жүйе тепе-теңдікте болады. Шиеленіс - дамудың факторы. Осыны түсінетін уақыт жетті, - деді ол.

Тоқаев: Маған «бәрін қызметінен босатыңыз» деді
Ермұхамед Ертісбаев: «Аймағамбетов кешірім сұрай салу керек еді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу