Тоқаевтың кортежі Мәскеу халқының назарын аударды

Oinet.kz 04-04-2019 2853

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі Мәскеу көшелерінде көпшіліктің назарын аударды. Терезелері қараңғыланған көлік мотоциклдермен бірге орталық көшеде жүріп өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев кортежі Внуково әуежайынан Қызыл алаңға дейін жүріп өтті. 

Қазақстан Президенті ұшақ баспалдағынан бастап Кремльге, Владимир Путиннің қабылдауына асықты. Президент үшін Мәскеудің орталық көшелері жабылған. 

770e0863909e12f9_w.png

Көліктер Мемлекеттік думаға қарама-қарсы Тверская көшесінде тоқтаған кезде қауіпсіздік үшін қызығушылық танытып тұрған мәскеуліктерді тоқтату қажет болды. Бұл уақытта Тверская көшесінде қызу тіршілік орнады. Қалалықтар кортежге қызыға қарап, тіпті, оны суретке түсіріп алды.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Мәскеуге ұшып келді. Бұл - оның мемлекет басшысы ретіндегі шетелге алғашқы сапары.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды
Тоқаев ажырасса да неке жүзігін тастамай жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу