Желіде Форт-Шевченко әкімінің мас күйінде түсірілген видеосы тарады

Oinet.kz 04-01-2022 855

Желіде ішімдікке тойып алған Форт-Шевченко әкімі түсірілген видео тарады.

Screenshot_7.jpg

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев желіде тараған кадрларда "төрт күн демалғанын" айтады. Шенеунікті оқиға куәгерлері қоршап алған, қасында полицейлер де тұр. Қала басшысы мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі InAktau порталына оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз, дерек расталса, ол қызметінен босатылады", - деді аймақ басшысының баспасөз қызметіндегілер.

Маңғыстау облысының полиция департаменті тәртіп бұзушы қандай жауапқа тартылатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Ақпарат министрі қазақ тілінде сөйлемеген шенеунікке ескерту жасады
Тоқаев Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу