Ертең Алматы қаласының әкімі ауысады

Oinet.kz 30-01-2022 7429

Желіде ертең Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орнына Ерболат Досаев келеді деген болжам тарап жатыр. Бұл туралы тіпті Kaztag.kz ақпарат агенттігі де жазды. 

Screenshot_1.jpg

Еске сала кетейік, Ерболат Досаев қазіргі таңда Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып қызмет атқарады.(16.05.2016 жылдан бастап).

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімінің отставкаға кетуін талап еткен петицияны көргенін жасырмады. 

"Әкімге келетін болсақ, ол шынымен де өте қиын жағдайға тап болды, бәлкім өмірінде алғаш рет осындай жағдайды басынан өткерген болар. Бірақ мұндай жағдайда бәрі бірдей шешімін таба бермейді, сондықтан мен оны кінәламас едім. Ол қызметтік міндетін атқару тұрғысынан өз ісіне адал адам, десе де мен алматылықтардың көңіл-күйін де ескеруім керек, сондықтан оны уақыты келгенде білесіздер", - дейді президент. 

Тоқаев қай кезге дейін Президент болатынын ашып айтты
Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу