Путин Украинаны 7 мамырға дейін жаулап алуды бұйырды! Әйтпесе Шойгудың басы кетеді

Oinet.kz 30-03-2022 4064

Путин Украинаны 7 мамырға дейін жаулап алуды бұйырды! Әйтпесе Шойгудың басы кетеді. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_12.jpg

Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың айтуынша Путекең 7 мамырға дейін Киевке кіруді көздеп отыр. Бұйрық орындалмаса Шойгу, Бортников, Патрушев секілді шенділердің сазайын бермек. Кремль көсемін жаппай қырылып, сүйегі ойда-қырда қалған орыс әскері алаңдатып отырған жоқ, оның көксегені Киев.

Путиннің бұйрығы бойынша басқыншылар 21 сәуір мен 7 мамырдың аралығында Украинаны "жеңгенін" жария етуі керек. Жоспар бойынша Зеленский бастаған Киев билігі бейбіт келісімге қол қойып, Мәскеуге бас игенін мойындауы тиіс. 

"Путин, орыс кемесінің соңынан кет! Жоғал! 7 мамырда жеңісті тойлаудың орнына, рашистердің қып-қызыл шығынға батқаны туралы мәліметті қолына тигіземіз", – дейді украин халқы. 

Қиын кезде Елбасын сатпаған жалғыз адам
Аймағамбетовке «Тоқаев тигр ма?» деген сұрақ қойылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу