Қиын кезде Елбасын сатпаған жалғыз адам

Oinet.kz 30-03-2022 5776

Screenshot_10.jpg

Елбасы туралы әр адамның өз пікірі бар шығар. Біреу үшін ол тұңғыш президент, біреу үшін қылмыскер, біреу үшін Еліне пайда әкелген тұлға, біреу үшін коррупцияға батқан шенеунік. 

Алайда, Абай Бисембаевтың жоғары лауазымнан кетіп, өзінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қасында қалуы - өте терең қадам болды. Шынымды айтайын, өткенде “Бисембаев көлігімен Елбасыны алып шықты” дегенде ойланып қалып едім, енді мына қадамы Абай Бисембаевтың адал екенін дәлелдеді. 

Қателесуім мүмкін, бірақ Абай Бисембаевтың орнында талай адам өз қара басы үшін үндемей, әліптің артын бағып, тыныш отырар еді.

Менің ойымша Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Абай Айдарханұлын өзіне тарту керек. Мәселе Елбасының жақсы-жаманында емес, мәселе Бисембаевтың адалдығында. “Бастығын сатпау”, “Бастығына опасыздық жасамау” бүгінгі күні ӨТЕ СИРЕК кездесетін құбылыс. 

Абай Бисембаев - АДАМ! 

Самат Нұртазаның Facebook парақшасынан

Тоқаев жаңа кадрлық ауыс-түйіс жасады
Путин Украинаны 7 мамырға дейін жаулап алуды бұйырды! Әйтпесе Шойгудың басы кетеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу