«Назарбаев халықтың өзіне тиеслі мүлкін бұйыртпай кеткенін енді терең түсініп жатырмын»

Oinet.kz 17-08-2022

Screenshot_2.jpg

Назарбаевтың ауылшаруашылығы саласын адам сенгісіз жағдайда құлдыратқанын жерге қатысты дауларда терең түсіне бастадым. Қазақстанның жері кең деген оттаған сөз. Бұл кең жер халыққа тиесілі жері емес. Оның кеңдігінен пайда жоқ. Аяғыңдағы етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда деген сияқты бұл да. Тек жекеленген лоббилер мен кландардың жері. Қазақстан бойынша солай. Бұрындары тек естіп жүретін едік. Енді ортасында жүріп, сұмдықты көзбен көріп отырмыз. 

Назарбаевтың ауылшаруашылығына қатысты саясатының мұншалықты көп зардабы тигенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Басқа салалар сияқты ауылшаруашылығы саласында да "бөліп ал да,  билей бер!" саясаты жүрді. Тоз тозын шығарды. Негізі Қазақстан осы ауылшаруашылығы саласымен-ақ еңсесін көтеріп кететін ел. Нағыз аграрлық мүмкіндігі бар ел. Бірақ, Назарбаев шын мәнінде халыққа өзінің тиесілі мүлкін, үлесін бұйыртпай кеткен адам. Меніңше, мұның зардабы ұзаққа баратын сияқты. Бұл қазір реттелмейді.

Бекболат Қаржанның Facebook парақшасынан

Асқаров атаусыз қала бере ме?
Қытай Зеленскийді мазақ етті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×