Асқаров атаусыз қала бере ме?

Oinet.kz 03-08-2022 1683

Үкіметтің қаулысымен Түркістан облысында отызға жуық білім және мәдениет ұяларына елімізге белгілі тұлғалардың есімдері берілді. 

Screenshot_11.jpg

Атап айтқанда: Арыс қаласындағы №2 бастауыш мектебіне Сағадат Нұрмағанбетовтің, №3 жалпы орта мектебіне Мұхамеджан Тынышбайұлының, Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Абайдың, Жетісай ауданындағы №12 жалпы орта мектебіне Әл-Фарабидің, №58 жалпы орта мектебіне Мырзақадыр Нұрбаевтың, Мақтаарал ауданындағы №36 жалпы орта мектебіне Әлихан Бөкейханның, №9 жалпы орта мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне  Отырардың, Сауран ауданындағы №13 жалпы орта мектебіне Әшірбек Сығайдың, №25 жалпы орта мектебіне Сабыр Рахимовтың аты берілді. 

Сонымен бірге Түркістан облысы мәдениет басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Түркістан облысы мәдениет басқармасының Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы», Арыс қаласындағы Амангелді атындағы мектебі – Майлықожа ақын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп, М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі – Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Кентаудағы Қазақстанға 30 жыл атындағы №3 көп салалы мектеп-гимназиясы – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы, Қазығұрттағы Болашақ мектеп-гимназиясы – Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы, Кезеңбұлақ жалпы орта мектебін  – Егемқұл Тасанбаев атындағы жалпы орта мектебі, Отырар ауданындағы Мыңшұңқыр жалпы орта мектебі – Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі – Сәдуақас Темірбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Екпінді жалпы орта білім беретін мектебі – Төлепбек Назарбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Сауран ауданындағы Шорнақ жалпы орта мектебі – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебі, Қызыл-Әскер жалпы орта мектебі – Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта мектебі, Майдантал жалпы орта мектебі – Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі, Қызыл жол жалпы орта мектебі – Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі, Ташанақ жалпы орта мектебі – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебі, Шыпан жалпы орта мектебі – Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта мектебі, Шобанақ жалпы орта мектебі – Төле би атындағы жалпы орта мектебі, Иқан жалпы орта мектебі – Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі,  Ескі Иқан жалпы орта мектебі – Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі, Достық жалпы орта мектебі – Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы орта мектебі деп қайта аталатын болды. 

Жоғарыдағылардың қай-қайсысы да елге белгілі, еңбегі сіңген тұлғалар. Дегемен ономастика саласында кейбір түсініксіз шешімдердің кездесетінін де айта кету керек. Мәселен, Мәншүк Мәметованың есімін бір мектептен алып, екінші мектепке берудің арғы жағында қандай саясат жатыр? 

Ал кейбір азаматтардың есімдері бір мезгілде, бір облыста, бір қаулымен екі мектепке берілді. Мұны көпсініп отырған ешкім жоқ. Дегенмен елге еңбегі сіңген, бірақ әртүрлі жағдайлармен ескерусіз қалып кеткен азаматтар арамызда аз емес. Мәселен, биыл 100 жылдығы аталып өтілетін Асанбай Асқаровтың есімі ескерусіз қалатын сияқты. 

Жалпы биліктегілер кісі есімін нысанға беруде халықтың пікірімен қаншалықты санасады? Сіз бұған не айтасыз?  

«Қазақстан - бұрынғы орыстардың жері» Желіде арандатушылық жазба пайда болды
«Назарбаев халықтың өзіне тиеслі мүлкін бұйыртпай кеткенін енді терең түсініп жатырмын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу