Алматы облысында үйлерді тонап келген қылмыстық топ ұсталды

Screenshot_2.jpg

Алматы облысының полицейлері ұзақ уақыттан бері бөгденің мүлкін қолды етіп келген қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы өңірдің ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық топ Жамбыл ауданының үш азаматынан құралған. Олардың 40 үй мен пәтерді тонауға қатысы бар екені анықталды.

Күдіктілер Ұзынағаш ауылында ұсталған. Жедел іс-қимыл қызметкерлері үш мекенжай бойынша әрекет еткен. Нәтижесінде үш күдікті де үйді тонау барысында ұсталған. Күдіктілердің біреуі бұған дейін істі болғаны анықталды.

Ұрланған мүліктер қылмыстық тергеу материалдарына енгізілді. Ал күдіктілер Жамбыл аудандық полицияның уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық топ 2019 жылдың басыннан бері Ұзынағаш ауылында және аудан орталығына жақын Қайназар, Ақсеңгір, Фабричный ауылдарында ұрлық жасаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 10 миллион теңгеге бағалануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нығматулин Қазақстанның ауыл шаруашылығын қатаң сынға алды
  • Қажыгелдин қартайған шағында елге орала ма?
  • Түркістанда полиция қызметкері суға секіріп кеткен қызды құтқарып қалды
  • Зеленский шенеуніктерге өз кабинеттерінде президент суретін ілуді доғару қажеттігін айтты
  • Назарбаев: «Сайлауға түссем, жеңіске жететініме 100 пайыз сенімдімін»