Түркістанның туризмі күткен үмітті ақтамады

Oinet.kz 24-02-2023 669

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, жаңа жылдың басынан бері елімізге 2,5 мыңға жуық Түркия азаматы, 1,4 мыңға жуық Германия азаматы, 1,4 мыңға жуық АҚШ азаматы, ал Ұлыбританиядан 1,2 мыңға жуық азамат келген.

Screenshot_4.jpg

Таяу шетелден келген қонақтарға келетін болсақ - алғашқы ондықта — Ресей 58,2 мыңнан астам турист, Өзбекстан - 11,2 мыңнан астам, Қырғызстан - 3 мыңға жуық, ҚХР - 2,3 мыңнан астам, Тәжікстанның - 2,3 мыңнан астам азаматы бар.

Ал енді елімізде шетелдік туристер көп баратын ең тартымды өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр-40 мыңға жуық турист. Одан кейін Астана (22 мыңнан астам), Ақтөбе облысы (4733), Атырау облысы (4212), Маңғыстау облысы (3023), Батыс Қазақстан облысы (2778), Павлодар облысы (2719), Солтүстік Қазақстан облысы (2651), Шымкент (2586) және Қарағанды облысы (2573)

«Туристердің негізгі бөлігі Алматы және Астана қонақ үйлеріне тоқтайды. Ең көп сұранысқа ие үздік ондыққа кірген  көрікті мекенде осы екі мегаполистің қонақ үйлері бар. Бұл ретте жыл басынан бері қонақтарды Қазақстан бойынша 16654 жеке және 6746 заңды тұлға қабылдағанын айту ләзім», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Өкінішке қарай, соңғы жылдары туризмнің орталығы болады деп, осы бағытта көптеген әйдік жобалар жүзеге асырылған Түркістан қаласы алғашқы ондыққа да іліге алмады. Миллиардтаған теңге жұмсалған «Керуен сарай», басқа да нысандар, орталықтар, қонақ үйлер, мейрамханалар, форумдар мен жиындар Түркістанның туристік тартымдылығына әсер етпеген сияқты.  Неге? 

Естеріңізде болса 2021 жылдың соңында елордада өткен брифингте сол кездегі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «қыруар ақша жұмсалып, көптеген жобалар жүзеге асқанына қарамастан Түркістанға келген туристердің саны неге аз?» деген сауалға жауап берген болатын. Шөкеев туристердің санын көрсеткен Ұлттық статистика бюросының мәліметімен келіспейтінін білдірді. Оның үстіне пандемияның кезінде Өзбекстанның шекарасы жабылып, шетелдік туристердің келуіне кедергілер жасалғанын алға тартқан еді өңір басшысы. Одан бергі аралықта пандемия да бітті, шекара да ашылды. Алайда Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін ресми түрде алған Түркістанға келетін шетелдік туристердің саны көбеймеген сияқты. 20 өңірдің ішінде Түркістанның орта белден де көріне алмауы ұят болды.   

Ал, былтыр облысқа  әкім болып келген Дархан Сатыбалды өз алдына дербес жұмыс істеп тұрған туризм басқармасын таратып, оны кәсіпкерлік басқармасына қосып жіберді.

Бизнесмендерді мұғалім жеңіп кетсе ше?
Әйтенов Тоқаевқа қандай уәде берді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу