Әйтенов Тоқаевқа қандай уәде берді?

Oinet.kz 24-02-2023 461

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші мегаполис-Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Screenshot_5.jpg

Мұрат Әйтеновтің айтуынша, өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму  перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітілмек. Сондай-ақ, кездесу барысында Мұрат Әйтенов президентке жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауыз сумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілетінін мәлім еткен. Бұл уәденің қаншалықты орындалатынын уақтысында көре жатармыз. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту  жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Түркістанның туризмі күткен үмітті ақтамады
Блинкеннің Астанаға сапарының астарында не жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу