Блинкеннің Астанаға сапарының астарында не жатыр?

Oinet.kz 24-02-2023 645

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады.  

Screenshot_6.jpg

«28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды», - делінген хабарламада.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бұл сапарының өте үлкен саяси маңызы болайын деп тұр. Дәл қазір Ресей мен Батыс арасындағы текетірес өзінің әбден шиеленіскен кезеңіне келді. Тіпті көптеген саясаткерлер үшінші дүниежүзілік соғыстың болып кетуі қаупін де жоққа шығарып отырған жоқ. Осындай алмағайып кезеңде Блинкеннің Астанада президент Тоқаевпен кездесуін,  Орталық Азия елдері мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің басын қосып, жиын өткізуін қалай түсінуге болады? Әлде Қасым-Жомарт Тоқаев  Ресей мен Батыс арасындағы текетіреске арағайындық жасамақ па? 

Бүгін Ресейдің Украинаға басып кіргеніне дәл 1 жыл толды.

Әйтенов Тоқаевқа қандай уәде берді?
Күтіп алатын да, шығарып салатын да Базарбай Мұсабеков
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу