Дональд Трамп: «Құдаймен ара қатынасым жақсы»

Oinet.kz 10-07-2019 991

Screenshot_17.jpg

Биыл АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Елді 2009 жылдан бері басқарып келе жатқан Барак Обаманың есімі тарих шежіресіне АҚШ-тың 44 президенті болып жазылады. Президенттің таққа үшінші қайтара таласуы АҚШ-та мүмкін емес жағдай. Сайлау 8 қарашада өтеді. Сайлауалды науқан былтыр күзден бері қызу жүріп жатыр. 

Сайлаудағы басты кандидаттардың бірі миллиардер Дональд Трамп қызықтау, әпенділеу әрекеттерімен елді таңқалдырып жүр. Жуырда  CNN телеарнасына берген сұхбаттарында ол журналистің «өткен-кеткен кездердегі бұзықтықтарыңыз туралы не айтасыз?» деген сауалына:

-Мен қазір дұрыс өмір сүруге тырысамын, оным нәтижесіз емес сияқты. Менің құдаймен қарым-қатынасым өте жақсы,-- деп жауап беріпті. 

Әрине, Трамптің не айтпақ болғаны түсініксіздеу. Демократияшыл америкалықтардың табиғатына сай ол өзінің жеке ой-пікірін білдірді. Дегенмен оның  Құдаймен қарым-қатынасының қандай екендігін 8 қарашадан кейін білетін боламыз. 

Қарашадағы сайлауға қатысуға ниет білдірген басты үміткерлердің ішінде Хилари Клинтон, Джеб Буш (Джордж Буштің бауыры) бар. Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесіне қарағанда дәл қазір халықтың ерекше ықылас-құрметіне бөленіп тұрған кандидат Хилари Клинтон. Егер Құдай жар болып, сайлауда Хилари ханымның бағы жанса, ол АҚШ тарихында алғашқы әйел-президент атанады. 

Мұрағаттан, 2016 ж

Білім және ғылым министрлігі оқу ақысына қатысты сұраққа жауап берді
Шаруаларды шулатқан шенеунік ауыл шаруашылығына басшы бола ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу