Түркістан облысында 7 миллиард теңгенің заңсыз тендері тоқтатылды

Oinet.kz 06-04-2023 511

Түркістан облысы прокуратурасы мүдделі органдардың қатысуымен өткен алқа отырысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау нәтижелерін қарады. Бұл туралы аталған органның ресми сайты хабарлады.

Screenshot_11.jpg

Талдаумен жекелеген тапсырыс берушілердің қызметінде заңдылықты бұзушылықтарға жол берілгенді  және уәкілетті орган жұмысының пассивтілігі анықталған.

Мысалы, Ордабасы, Төлеби және Түлкібас аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері 2 млрд. теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу шарттарын бәсекелестік емес тәсілмен заңсыз түзген (бір көзден заңсыз өткізген).

Прокурорлардың актілері бойынша 100-ден астам заң бұзушылық жойылды, 7 млрд. теңгеден астам заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші жойылды (сатып алу тәсілдерін дұрыс қолданбаған, қатысушыларға артық талаптар қойған).

Ал прокурорлардың шараларымен түрлі жауаптылыққа 50-ден астам лауазымды тұлға тартылып, мемлекеттік бюджетке 15 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту және тапсырыс берушілерге - заңнаманың талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы - прокуратура органдарының назарында, бұл бағыттағы жұмыс тұрақты жүргізіліп отыратыны атап өтілді.

Ердоған үшінші мәрте президент болмақ
Қазақстан Ресейге қару-жарақ жіберген жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу