Фетхуллаһ Гүлен: «Күдікті ретінде өмір сүргіміз келмейді»

 Screenshot_6.jpg

«Түркияда 15 шілдеде орын алған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады». Еуропада жүрген белгілі дінтанушы, философ Фетхуллаһ Гүлен өзін төңкерісті ұйымдастырды деп қаралаушыларға қарсы осылай деп жауап жазыпты. Qamshy.kz сайты осы жауап хатты тәржімалап, басқан екен. Гүлен былай депті:

 «Осы сорақы төңкеріске әрекет басталғанына 20 минут өтісімен, әлі кім ұйымдастырғаны нақтыланып жатпастан, Р.Т.Ердоған мырза дереу кінәні маған артты. Әлі оқиғаның егжей-тегжейі анықталмастан, кімнің неге істегені білінбестен, кінәліні осыншама тез табу ойлантарлық. Соңғы елу жыл бойы көптеген әскери төңкерістерден көресіні көрген адамның бірі ретінде бұндай қылмысқа мені іліктіруі көңілімді жабырқатуда. Бұндай айыптауларды нақты түрде теріске шығарамын. 17 жыл болды өз еркіммен АҚШ-та шағын ғана ауылда оңаша өмір сүрудемін. Менің әлемдегі ең мықты 8-орында тұрған әскерді 10 000 шақырымдық жерден өз үкіметіне қарсы төңкеріс жасауға көндіргендігім туралы айтылуы сенуге қиын жала әрі әлемдік қауымдастық тарапынан да ешкім оны құп көрмеуде. Егер төңкерісшіл топқа қатысқандар арасында өзін «Қызмет» қозғалысын жақтаймын деп танытқан әскерилер болса, меніңше, олар өз отандастарының өмірін қиған іске қатысып, елінің бірлігі мен бүтіндігіне қиянат жасағаны, мен өмір бойы қорғап келе жатқан құндылықтарды аяққа таптап, жүз мыңдаған кінәсіз адамның жапа шегуіне жол ашқаны. Үш жылдан бері үкімет тарапынан жүйелі түрде бұл қозғалысты жеккөрінішті етіп көрсету науқаны жүріп жатыр, тіпті ауыр қыспаққа ұшыратты, сонда да «Қызмет» қозғалысы заң белгілеген шеңберден шықпай, заңды түрде ғана өзін қорғады, құқыларын тек құқықтық жолмен ғана іздеді. 3 жылдан бері мемлекеттің барлық құзырлы мекемелері «параллель мемлекетті» (оны мен басқарады деп жала жабылуда) анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Жүз мыңдаған отбасы «жалмауыздарды жою» деген сұмдықтың салдарынан өте ауыр жағдайды бастан кешуде. 90 000 мыңға жуық адам жұмысынан қуылды, 21 000 мұғалімнің дипломын жарамсыз етіп тастағанын БАҚ жариялады. Мамандығымен жұмыс істей алмаса, шетелге шығуға рұқсат етілмесе, сонда бұл отбасыларды үкімет ашықтан-ашық аштыққа итермелеп отырған жоқ па? Бұл әрекеттің Европа тарихындағы геноцидтың алдындағы істелген істерден не айырмашылығы бар?! Түркияда болған барлық әскери төңкерістерді көрдім. Барша түрік халқы секілді мен де сол уақыттарда үлкен қиындықтарға ұшырадым. 1971 жылғы 12 наурыздағы төңкерістен кейін хунта билігінің шешімімен түрмеге қамалдым. 1980 жылғы 12 қыркүйектегі төңкерістен кейін мені тұтқындау туралы шешім шықты. 1997 жылғы 28 ақпандағы әскери төңкерістен кейін мен жайлы «бір адамнан тұратын қарусыз террорлық ұйым» деген айып тағылып, сотталдым. Сол үшін мені дарға асуды талап етті. Әскери билік кезеңдерінде мен жайлы 3 рет «террорлық ұйым жетекшісі» деген жаламен іс қозғалды. Олардың бәрінен ақталып шықтым. Түркияның жарқын болашағы демократиялық мәдениеттің тереңдей түсуіне, зайырлылыққа сүйенген мемлекеттік басқарудың нық орнығуымен тығыз байланысты. Әскери төңкеріс те, автократиялық азаматтық басқару да шешім бола алмайды. Өкінішке қарай, елде оппозициялық БАҚ жабылғандықтан немесе қысымға ұшырағандықтан, түрік азаматтарының көпшілігі кең көлемде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының ықпалымен 15 шілдедегі төңкерісті мен ұйымдастырды дегенге сенген. Күдікті ретінде өмір сүргіміз келмейді». 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдерге оқуға тыйым салынады?
  • Берік Уәли, Президенттің баспасөз хатшысы: «Қытай – Құдай қосқан көршіміз»
  • Елбасы: "Халықаралық қаржы орталықтарының сенімін нығайту керек"
  • Абаев: "Біз президентіміздің қытай тілін білетінін мақтан тұтуымыз қажет"
  • Қызғаныштан әйелін атып өлтірді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика