Қасым-Жомарт Тоқаев: Енді жазда Парламент сайлауы өтеді

Oinet.kz 16-03-2026

kz8-9439-2_mediumThumb.jpg 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.

– Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда Парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


Иранның жоғарғы басшысы Мәскеуге жасырын эвакуацияланды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу