Дәурен Абаев: Орыс тілінің мәртебесі сақталады

Oinet.kz 17-03-2026

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев жаңа Конституцияның Қазақстан мен Ресей арасындағы сенімді әріптестікке кепіл болатынын және орыс тілінің мәртебесі сақталатынын айтты.

image.png

Абаевтың сөзінше, Конституция мәтіні қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күшке ие болуы – мемлекет тарапынан орыс тілін және орыс тілді азаматтарды қорғау ниетінің айқын көрінісі. Сондай-ақ ол жаңа Конституцияның адам құқықтарын қорғауға басымдық беретінін және елдің ұзақ мерзімді дамуына жағдай жасайтынын атап өтті.

— Қазақстан халықаралық аренада Ресейдің сенімді әрі болжамды серіктесі болып қала береді. Елімізде орыс тілінің жоғары мәртебесі сақталады. Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде тең заңды күшке ие болуы – орыс тілі мен орыс тілді халықты қорғауға бағытталған дәйекті саясаттың көрінісі, — деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, елші референдумды бақылауға қатысқаны үшін Ресейге алғысын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Енді жазда Парламент сайлауы өтеді
Қазақстанда рақымшылық жарияланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу