Головкин: «Мен Ресейдің емес, Қазақстанның тумасымын!»

Oinet.kz 29-08-2019 2415

Ro9oAX6x.jpg

Геннадий Головкин өзін ресейлік деп атаған америкалық журналистердің қатесін түзетті деп жазады Sports.kz.

Келеңсіз оқиға Fox News радиосындағы The Ashley Webster Experience бағдаралмасы барысында орын алған.

Головкиннің журналистерге сұхбат беру сәтінде жүргізушілердің бірі: «Ресейлік боксшылар өте мықты...», - деп айтып қалған. Осы кезде GGG ондай ешкімді танымайтынын алға тартқанда, бағдарлама тізгінін ұстаушы "ол сен" деп жауап берген.

«Мен ресейлік боксшы емеспін, мен Қазақстан тумасымын. Бұл Ресей емес!», - деген Головкин бірден қарсылық білдірген.

Журналист «Бірақ сен Кеңес Одағы...», - дей берген кезде GGG: «Бұл тым ертеде болған», - деп қысқа жауаппен қайырған.

Жаңа депутат Нұрлан Әлімжан - 684 мың теңге жалақы алады
Тоқаев: «Қазақстан антиядролық қозғалыстың жаһандық көшбасысына айналды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу