Қырғызстан соты Атамбаевты тұтқынға алуды заңды деп таныды

Oinet.kz 05-09-2019 979

Суд Киргизии признал законным арест Атамбаева

Бішкек қалалық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұсталуын және тұтқындалуын заңды мойындады. Бұл хабармен алғаш болып оның қорғаушысы Сергей Слесарев бөлісті.
Атамбаевтың қорғаушысы Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының бұрынғы мемлекет басшысының ұсталуы заңдылығы туралы және оның қамау мерзімін 26 қазанға дейін ұзарту туралы шешіміне шағым түсірген болатын.
Сласерев өз сөзінде соттың шағымдарын қанағаттандырмағандығын,қамауға алудың заңды деп танылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Атамбаев заңсыз мәмілелер жасады деп, екі қылмыстық істің фигуранты болды. Сондай-ақ, бұрынғы президентке кісі өлтірді, адамдарды кепілге алды және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды. Сондай-ақ, оны заңсыз баюда да күдікті ден танылды.

Естеріңізге сала кетейік, Атамбаев 8 тамызда Қой-Таш ауылындағы резиденцияда бір тәулікке созылған операциядан кейін қолға түсті.

Ералы Жұмаханбетов сот шешімін сыйламай ма?
Меган Маркл қайта корольдік жұмыстарымен айналысады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу