110 мыңнан астам қазақстандықтардың өсімпұлы кешірілді

Oinet.kz 09-09-2019 899

Похожее изображение

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бір реттік ация бойынша Республика тұрғындарының 700 миллионға жуық өсімпұлы кешірілген.

«2019 жылдың 5 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, 114 849 жеке тұлғаның 688,3 млн теңге өсімпұлы шығынға жазылды. Олар жыл басынан бері 2,9 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыздарын төлеген. Толықтай алғанда, рақымшылықтың шамамен 1,4 млн адамға қатысы бар. Егер олар 13,9 млрд теңге сомасындағы негізгі қарыздарын өтеген жағдайда 6,3 млрд теңге сомасындағы өсімпұл шығынға жазылады», - делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, комитеттің барлық аумақтық бөлімшелеріне осы жылдың 13-14 тамыз күндері өсімпұлдарды шығынға жазу жөніндегі комиссия құру туралы бұйрық берілген.

Байқоңырдағы кешен «Назарбаев старты» атанатын болды
Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу