Тоқаев Қытайда баяндаманы тек қазақ тілінде жасады

Screenshot_5.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік іссапары барысында баяндамаларын қазақ тілінде ғана жасап жатыр деп хабарлайды, Oinet.kz тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.

Атап айтсақ, мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады", - деп жазды Президент өкілі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент: «Біз бәсекеге қабілетті болуды үйренуіміз керек»
  • 7 ай ішінде қазақстандықтардың шетелге аударған қаражатының сомасы 345,5 млрд теңгені құрады
  • Елімізде 2 миллионнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді
  • ҰҚК: «Отандық бензиннің Ресейге шығуын шектеу қажет»
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдерге оқуға тыйым салынады?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика