Түлкібасқа Нұрбол Тұрашбеков әкім болды

Oinet.kz 30-07-2019

89208-nurbol_turashbekov.jpg

Қызметіне тағайындалған бес айға жуық уақыттың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев алғаш рет үлкен лауазымды қызметке кадрды Астанадан әкеліп тағайындады. Кешегі күні облыс басшысы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Түлкібас аудандық мәслихатының келісімі бойынша  Түлкібас ауданының әкімі лауазымына Нұрбол  Әбдісаттарұлы Тұрашбековті  тағайындады. Естеріңізде болса, ауданның бұған дейінгі әкімі Әуелхан Тұрғымбеков жуырда облыс әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.  

-Бұл аудан туризмге өте қолайлы. Жол бойындағы қызметтік сервистің сапасын жақсартуға көңіл бөлген жөн. Одан бөлек, аудандағы жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлік пен агросаланы дамытып, өңірге  инвестиция тарту  мәселлеріне мән берілуі қажет.  Жаңа әкімдеріңіз бұл мәселелердің де шешімін табады деген сенімім бар, - деді Жансейіт Қансейітұлы жаңа әкімді аудан активіне таныстыру жиынында.  

Нұрбол Тұрашбековті Астанадан келді демесеңіз, осы облыстың түлегі. Төлеби ауданының тумасы. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер-кадастрлық бюросында жерге орналастырушы маман болып бастаған.  2002  жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі,  2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры,  2010 жылы «ОңтүстікҚазақстанжер Ғылыми өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының  директоры,  2012 жылы Астана қаласындағы «Жер Ғылыми өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.  2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы  лауазымын атқарып келген.

Аудан, қала әкімдердің командасына жаңадан қосылған Нұрбол Тұрашбеков өз әріптестерінің ішіндегі ең жасы болып табылады. Оның жасы 37-де.  

Назарбаев: «Томирис пен Шыңғыс хан қазақ болған» деген әңгімелерді естігенде ішім ашиды»
Тамара Дүйсенова тапсырманы жүре тыңдайтын министр ме?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×