Өмірзақ Шөкеев Жапониямен бірлесіп жобалар дайындап жатыр

Oinet.kz 08-10-2019 1047

Өмірзақ Шөкеев Жапония Елшісін қабылдады

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаиды және жапондық Kawasaki мен Marubeni компаниясының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесуде тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Ө.Шөкеевтің айтуынша, Жапония Қазақстан Республикасы және соның ішінде Түркістан облысы үшін маңызды стратегиялық серіктестердің бірі. Күншығыс елінен өңірге гербицидтердің үлкен көлемі импортталады.

«Түркістан облысы мен Жапония арасында өзара тиімді өндірістік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен перспективалар бар екеніне сенімдімін. Біз бірлескен жобаларды іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан өңірінің туризм және аграрлық өнеркәсіп саласындағы жоғары әлеуетін де атап өтті. Осылайша, алдағы уақытта шетелдіктермен ортақ мүддеміз ұштасқан жобаларды іске асыруға қазақстандық және жапондық компаниялар тартылуы мүмкін. Kawasaki компаниясы Түркістан қаласындағы 50 мвт бу-газ электр стансысын салу жобасы үшін өз технологиясын ұсынды. Өз кезегінде облыс әкімі жапондық өнім сапасын жоғары бағалайтындығын білдірді, алдағы конкурстарға қатысуды ұсынып, сәттілік тіледі.

2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облысқа Жапониядан жалпы сомасы 513 мың АҚШ долларын құрайтын тауарлар импортталған. Оның басым бөлігі автомобильдер мен олардың жиынтықтары, гербицидтер мен электр құралдары. Қазақстанда қазірдің өзінде жапон капиталының қатысуымен мұнай мен газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме бағамен сату, электр байланысы, ағаш дайындау және логистика сияқты салаларда 80-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Назарбаев парамен алғаш рет қашан бетпе-бет келгенін айтты
Дариға Назарбаева әйелдерді мемлекеттік басқаруға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу