Дариға Назарбаева әйелдерді мемлекеттік басқаруға шақырды

Oinet.kz 08-10-2019 1478

Картинки по запросу Дариға Назарбаева

Ақтөбеде сенат төрағасы Дариға Назарбаева облыстағы кәсіпкер әйелдермен кездесу өткізді. Онда мемлекеттік басқаруға, республикалық және аймақтық деңгейдегі өкілді органдар жұмысына әйелдердің қатысуын кеңейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің міндетіміз – әйелдердің мемлекеттік басқаруға, саясат пен экономикаға қатысуын кеңейту. Мәселе кеңінен талқыланып жатыр. Араб елдеріндегі ахуалмен бірге әлемдік тәжірибеде әйелдердің үкіметке, аймақтарға басшылық етуге және депутаттық корпусқа қатысуын квоталауға дейін әркелкі шешімдер ауқымын көрсетіп отыр», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Дариға Назарбаева мемлекеттік басқаруға әйелдердің қатысуын кеңейту мәселесін көтерді

Сондай-ақ, Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясының облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдаған. Сондай-ақ бірқатар кездесулер өткізген.

Сенат басшысы жастар және еріктілер ұйымдарымен кездесуде Жастар жылы аясында өңірде өткен шаралардың нәтижелерімен, сондай-ақ жастарды қолдау жөніндегі облыстық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Жастардың еріктілер қызметіне қатысуын ынталандыруға ерекше назар аударылды. Оның айтуынша, елдегі еріктілікті ынталандыру мен көтермелеудің нақты тетіктерін заңнамалық тұрғыда бекіту қажет болып отыр. 

Бұдан бөлек, Дариға Назарбаева сенаторлармен бірге Әуе қорғанысы күштерінің Т.Бигелдинов атындағы әскери институтында болды. Сенат Төрағасы институттың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, оқытушылар құрамымен кездесті және курсанттармен әңгімелесті. Оқу үдерістерінің материалдық-техникалық жабдықталуы мәселелері және болашақ ұшқыштар мен әуе инженерлерін даярлау сапасы кездесудің негізгі тақырыбы болды.

Өмірзақ Шөкеев Жапониямен бірлесіп жобалар дайындап жатыр
Мемлекет басшысы: «Бизнес субъектілерін салықтан босатудан трагедия жасаудың қажеті жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу