ШҚО-да қарттар үйі өртеніп кетіп, қариялар далада қалды

Oinet.kz 09-10-2019 1138

Картинки по запросу қарттар үйі

Шығыс Қазақстан облысында пансионатта өрт шығып, өте үлкен шығын келген. Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар далада қалған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тілсіз жау Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылындағы "Лад" коммерциялық емес қайырымдылық мекемесінің ғимаратында болды. Жалын әуел баста моншада тұтанып, кейін жанындағы пансионаттың ғимаратына ауысқан. Пансионат қызметкері моншадағы түтінді байқап қалып, өрт сөндіру қызметін шақыртады.

Өрт сөндірушілер пансионат қызметкерлерімен бірге 18 зейнеткерді қауіпсіз жерге көшірген. Өрттің жалпы аумағы 302 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ.

Алайда пансионатқа өте үлкен шығын келген екен. Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар далада қалған.

10 баласы бар отбасылар да 73 мың теңгемен шектеледі
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу