Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері кездесті

Картинки по запросу қазақстан Ресей

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бүгін елордада өткен кездесуде қандай мәселелер көтерілгенін айтты, деп хабарлайды inform.kz.

«Сергей Викторұлымен Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен келешегін қоса алғанда саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелердің кең ауқымын талқылай алдық. Халықаралық күнтәртіптегі мәселелердің кең ауқымды спектрі бойынша пікір алмастық. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы, Украина мен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі аспектілері бойынша пікір алмасып, елдеріміздің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы мәселелерін қозғадық», - деді ол келіссөздерден кейінгі БАҚ өілдеріне арналған баспасөз мәслихатында. 

Оның атап өтуінше, аса жоғары және жоғары деңгейдегі халықаралық шаралардың алдағы кестесіне де баса назар аударылды. 2019 жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумына дайындық мәселесі тыңғылықты қарастырылған.

«Ресеймен ықтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болды және солай болып қала беретіндігін де атап өткен орынды. Осы жылдар бойына Қазақстан тату серіктестік қарым-қатынастан таймайтындығын көрсетті. Келіссөздер аясында екіжақты қарым-қатынас мәселелері ғана емес, сонымен бірге көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы да талқыланғанын атап өткім келеді. Атап айтқанда, ресейлік әріптесіммен Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін толыққандай пайдалану мүмкіндігін атап өттік», - деді М.Тілеуберді.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, ТМД, ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері көтеріліп, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨІСШК сынды халықаралық ұйымдар аясындағы жайттарға байланысты уағдаластыққа қол жеткізілген. 

Өз кезегінде Сергей Лавров қазақстандық әріптесімен 2019 жылдың 7 қарашасында Омбы қаласында өтетін Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы алдында екі елдің жас көшбасшыларының бірінші форумын өткізу мәселесін пысықтағанын айтты. 

«Оған әр тараптың да Сыртқы істер министрліктерінің жас қызметкерлері қатысатын болады.Жас дипломаттар арасында осындай деңгейдегі өзара іс-қимылдың келешегі зор деп сенеміз»,- деді С.Лавров.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қуандық Бишімбаев сияқты түрмеден ерте шыққысы келген Бағлан Майлыбаевтың жолы болмады
  • Алтау Көлгінов мемлекеттік бағдарламамен жастарға берілетін тұрғын үйлермен танысты
  • Қазақстанда электронды медициналық паспорт іске қосылды
  • Әлеуметтік қызметкерлерге қосымша ақы үшін бюджеттен 25,1 миллиард теңге бөлінді
  • 10 қаңтарға дейін оқытушылардың еңбекақысы 50 пайызға дейін артады
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика