Тоқал алу мәселесін заңдастыру қажет деп ойлайсыз ба?

Oinet.kz 06-03-2019 1394

905-1476211542-8e58a80dae.jpg

Мақсат ЖАҚАУ

САЯСАТТАНУШЫ

ИЯ

Тоқалдықты немесе жалпы 2 не 4 әйел алғандықты заңдастыру, уақыт талабы. Неге? Себебі, заңдастыру дегеніміз, әйелдердің құқықтық-материалдық мүмкіндіктерге ие болу дегеніміз. Өйткені, заңдастырылмауы бұл барып тұрған азаматтық жауапкершілігі анықталмаған жай азаматтық некенің нысанымен ғана шектеледі. Екінші мәселе, сол әйелдерден туылған балалары болса, олардың да толық отбасыда өмір сүруіне, тиісті баланың толық қолжетімді дүниелеріне жол ашылады. Мұрагерлікті айтпағанның өзінде, бала әкесінің заңды баласы, әрі балалық психологиялық қыспақтан ада болады. Үшіншіден, ешқандай діни де, азаматтық-тұрмыстық қарым-қатынастық тәртіптерге қайшы келмей саналы заңды қадамдармен өмір сүруге қол жеткізеді. Сондықтан, қажеттілік туындаған жағдайда қоғамдағы отбасылық проблемаларды алдын алу үшін, қоғамдық отбасы институттарын шайқалтпау үшін де «Тоқалдықты немесе бірнеше әйел алу туралы Заңды» енгізу қажет деп санаймын. Бірақ бұның да тиісті-қажетті отбасылық туындаған кезде ғана, бәйбішесінің толық келісімімен күшіне енуі «Неке туралы келісім-шарттың» негізінде жүзеге асуы керек.

Айдос САРЫМ

САЯСАТТАНУШЫ

ЖОҚ.

Тоқал алуды заңдастыруды қажет деп ойламаймын. Менің ойымша, ол әр адамның жеке басының немесе табиғаттың, адамгершіліктің мәселесі. Оның басқа да реттері бар, оны қоғам болып талқылауға мүлде келмейді. Мен аздап болса да, өмір көрген адам ретінде айтарым, ешбір ана, ешбір әйел тоқалдыққа келісім бере бермейді. Біріншіден, қоғамдық тұрғыда, менталитетімізден аттап кете алмайды. Тоталитарлық тұрғыдағы салтты ешкім бұзып кетпейді. Бұл да анық нәрсе. Бұл мәселе әр адамның жеке өміріне қатысты, оны мемлекет дәрежесіне көтеретіндей мәселе емес деп ойлаймын. 

Дереккөз : anabol.kz

Көрісу күні
Жеті жағдайда сөз қозғама!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу