Тіс пастасының күтпеген қолданысы

Oinet.kz 12-04-2019 842

image_l (13).jpg

Тіс пастасын тек тіс жуу үшін қолданасыз ба? Оның басқа да қолданысымен таныс болыңыздар.

- Тіс пастасы жәндіктердің шаққан, тіліп, кесіп алған жердің қабынуын басады. 

- Тіс пастасы күйіп қалған жерді тыныштандырады. 

- Терідегі қызарған жараларды жасырып, безеулерді кетіреді. 

- Тырнақтарды жылтырлатып тазарта алады. - Гель тіс пастасын кішкентай көлемде шашқа арналған гельдің орнына қолданса болады. 

- Қолға сіңіп кеткен балық, сарымсақ, пияз иісінен арылуға көмектеседі.

- Киім мен кілемдерге сіңіп кеткен, кетпейтін дақтарды тазарта алады.

 - Тым қатты кірленген аяқ киімді тазартады. 

- Әктелген қабырғалардан қарындаш пен фломастер іздерін кетіреді. 

- Тіс пастасы көмегімен күміс әшекей бұйымдарын жылтырлатып тазартса болады. 

- Компьютер дискілерінің тырналған іздерін кетіреді. 

- Балаларға арналған шөлмектерді жаман иістен тазартады. 

- Күйіп қалған таба мен қазандағы дақтарды тазалайды.

Дереккөз: massaget.kz

Сұлулық сырлары: күріш суы
Өмір мәні деген не? Профессордың жауабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу