Белгілі журналист Димаштан қай кезде кешірім сұрайтынын айтты (видео)

Oinet.kz 05-01-2021 3373

Қазақстандық белгілі журналист Перизат Мырзахмет қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген туралы жазбасына қатысты пікір білдірді. Димаш тарапына айтқан сөздерінен бас тартпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Димаш Құдайбергеноваао.png

Әншіні сынға алған ол қателігі дәлелденген жағдайда Димаштан кешірім сұрауға қашанда дайын екенін алға тартты. Алайда, ол үшін Перизат Мырзахмет аталған бағдарламаның кесілген үзінділерін көрсетуді талап етті. Ол видеоның толық нұсқасында Димаш елін жақтап жатқанына көзі жеткен сәтте, өз қатесін мойындайтынын жеткізді. Бұл туралы белгілі журналист ақпарат саласындағы әріптесі Нұрсұлтан Құрманның Youtube аранасына берген сұхбаты барысында айтып берді. 

- Видео көрсетсін, мен кешірім сұраймын. Маған кешірім сұрау қиын емес. "Сіздікі қате, сіз менің позициямды біліп алмай қате айттыңыз" десе, мен кешірім сұраймын. Алдына барып кешірім сұраймын ба, пост жазамын ба, мақала жариялаймын ба, тікелей эфирге шығам ба? Бастысы, маған видеоны көрсетсін. "Мен шын мәнінде ол жерде ақтағанмын. Бірақ, мені кесіп тастады" десін. Сосын, мен ары қарай Малаховпен сөйлесемін. Малаховқа жазамын. "Не себепті, дәл сол жерін кесіп тастадың" деймін, - деді Перизат Мырзахмет. 

Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық қоры көпбалалы әкеге баспана сыйлады (видео)
Бейсен Құранбек пен «Тақиялы періштенің» фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу