Бейсен Құранбек пен «Тақиялы періштенің» фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 20-01-2021 6285

Күні кеше қазақ киносынан ойып тұрып орын алған Әбілғазы Райымбеков дүниеден өткен болатын. Қазақ "Тақиялы періштесінің" бұл өмірмен қош айтысқанын ауыр қабылдады. Көпшілік қауым оның қазасына көңіл айтып, әлеуметтік желіде жазба арнаған еді. Олардың қатарында белгілі журналист марқұм Бейсен Құранбектің Instagram парақшасы да бар. 

Бейсен Құранбек пен Тақиялы періште.jpg

Қазіргі таңда, марқұм Бейсен Құранбектің Instagram парақшасын жары жүргізуде. Ол да Әбілғазы Райымбековтың қазасына күңіренгенін жеткізіп, күллі қазақ жұртына көңіл айтты.

- Періште Ата, жаныңыз жәннатта болсын! - делінген парақшада.

Желі қолданушылары бұл жазбаға ерекше әсерлерін білдіріп жатты.

-  "Алла сіздерге жәннатты нәсіп етсін", "Қандай керемет сурет", "Иманды болсын. Бейсен аға өзі пост жазып айтып тұрғандай екен", "Халқына қалаулы, еліне елеулі болған жақсы жандар жандарыңыз жәннәттың, жұмақтың төрінен болсын! Алла панасына алсын", "Аңыз адамдар. Жатқан жерлеріңіз жайлы болсын" - деді желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бейсен ҚҰРАНБЕК (@beisenkuranbek)

Белгілі журналист Димаштан қай кезде кешірім сұрайтынын айтты (видео)
Отандық танымал фильмге түскен актер малшыға айналып кеткен (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу