Кәсіпкерлерге индустриалды аймақтан орын ұсынылуда

Oinet.kz 14-04-2021

Screenshot_8.jpg

Бүгінде Шымкент қаласында Қонаев даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қала көркін ажарландырып, үшінші мегаполиске сай әрекет үшін қала әкімдігі барынша тиімді шаралар жасауда. Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын не күтіп тұр? Онда орналасқан құрылыс құралдарын сататын кәсіпкерлерге қандай ұсыныс жасалды? Мұнын барлығын қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтып берді. 

Құрметті қала тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда Қонаев даңғылының жалғасын кезең-кезеңімен салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі кезеңде Ескі автовокзал аталып кеткен көне қалашық маңындағы Володарский көшесінен Амангелді көшесіне дейін және Әйтеке би көшесінің Тоқаев бағытына қарай бөлігін жабуды жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімінің орынбасары. 

Және де ол аталған құрылыс бойынша осы маңайдың тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті. 

Өз тарапымыздан жаңа орындар мен тиімді жақтарын ұсындық. Мұндағылардың көбісі құрылыс заттарын сатумен айналысып, жол бойын жағалай базар қалыптастырған. Өздеріңіз білесіздер, қаланың ішінде базардың болуы тиімсіз. Кептелістер, у-шу, ластануы бәрі әсер етеді. Қаланың сәнін кетіреді. Қазір кәсіпкерлердің жекеменшігін мемлекет иелігіне қайтару процестерін атқарып, балама ретінде индустриалды аймақтан 6 ай тегін жалға алуға және 5 жылға дейін тұрақты бағамен келісімшарт ұсынып жатырмыз. Болашақта бұл орындарда Ескі қалашық, Арбат және Қонаев магистральды жолы қалыптасады, - деді Мақсұт Пернебайұлы. 


Оптикалық желі тартылады
Мұрат Әйтенов болашақ кәсіпкерлерге жол сілтеді


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×